Коронавирус: Ұлыбританияда коронавирус вакцинасы сынала бастайды

/image/2020/04/22/crop-0_-2_741x1320_mw-ie891_oxvacc_20200421132133_zg.jpg

Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок "Біріккен Корольдік бейсенбіде коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізеді" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, үкіметтің аурумен күресу стратегиясы сәтті болған. Бұл туралы Қамшы тілшісі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

– Болашақта коронавирусты жеңудің ең жақсы әдісі – вакцина жасап шығару. Біріккен Корольдік бүкіләлемдік күш-жігердің алғы шебінде келеді. Біз вакцинаны іздестіру үшін басқа елдерге қарағанда көбірек ақша бөлдік және бүкіл әлем бойынша жетекші екі вакцинаны зерттеу біздің елде жасалуда, – деді Ханкок үкіметтің күнделікті баспасөз конференциясында.

Сынақтар Оксфорд университетінде зерттелген дәрілермен жасалады. Ханкок үкіметтің зерттеу жұмысын қолдауға 20 миллион фунт (25 миллион доллар) бөлетінін айтты.

– Қалыпты уақытта бұл кезеңге жету үшін бірнеше жылдар қажет еді, – деді ол.

Тағы 20,5 миллион фунт Лондон Императорлық Колледжіндегі жеке жобаға кететін көрінеді. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар