Трамп әкімшілігінің қызметкері: Қытайда коронавирус ресми мәліметтен 50 есе көп

/image/2020/04/28/crop--5_103_1331x732_screenshot_20200428-014109_chrome.jpg

Трамп әкімшілігінің қызметкері Fox News-ке берген сұхбатында Қытайдағы коронавирустың ресм мәліметтен кем дегенде 50 есе көп екені туралы айтты. 

– Бүгін хабарланған ҚХР сандары арифметикалық тұрғыда мүмкін емес,  – деді шенеунік.

Оның ойынша, Қытай билігі таратқан ақпараттар сенімсіз. 

– Сондай-ақ біз бүгінгі күннің нақты статистикасын білмейміз, бірақ Қытай Коммунистік партиясының үгіт-насихаты бойынша, шамамен 80 000 вирус жұқтырушы және 4000 адамның өлімі тіркелген, – деп қосты ол.

Fox New ақпараты бойынша, Уханьда жерлеу орындарының жетіспеуі, жаңа мәйіттердің көптігі және вирустан көз жұмғандарды уақытша сақтауға арналған орындардың жетіспеуі туындаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар