1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы ұшаққа отыратын жолаушылар коронавирусқа тест тапсырады, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz дерегін негізге алып хабарлайды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен ОКҚ брифингінде алғашында қалалар арасында күніне 4 рейс қатынайтынын және жолаушылар ұшаққа отырар алдында коронавирусқа тест тапсыру қажеттігін атап өтті. Ал ұшақ жолаушылары арнайы қашықтықты сақтап отыруы керек.
Оның айтуынша, әуежайлар тәулік бойы барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жұмыс істейді.
Пікір қалдыру