АҚШ-тың қорғаныс министрлігі "ашылмаған әуе құбылыстары" туралы үш бейнежазбаны жариялады. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Пентагон бейнежазбадағы көрініс шын болсын, болмасын "жұртшылықтың кез келген түсінбестігін жоюға тырысқысы" келетінін мәлімдеді.
Бейнелер 2007 және 2017 жылдары шыққан.
Олардың екеуін New York Times жариялаған, ал үшіншісін бұрынғы Blink-182 әншісі Том ДеЛонг құрған ұйым жария еткен.
Кейбіреулер видеода көрінген затты белгісіз ұшатын нысандар (НЛО) деп мәлімдеген.
New York Times газетінің хабарлауынша, 2004 жылғы бейнежазбаны екі әскери теңіз ұшқышы түсірген. Бейнежазбада Тынық мұхитында шамамен 160 миль қашықтықта су үстінде қалықтаған дөңгелек нысан көрінеді.
2015 жылы түсірілген тағы екі видеода ұшпалы дене кеңістікте қозғалып тұрған, біреуі ұршықша айналады. Бірінде ұшқыштың: "Мына нәрсеге қара, досым!" деген дауысы естіледі.
Пікір қалдыру