28 сәуірде Нью-Йорктегі Манхэттеннің солтүстігінде орналасқан Пресвитериан Аллен ауруханасының бас дәрігері Лорна Бриннің қайтыс болғаны хабарланды, – деп жазады medialeaks.ru сайты.
Ол суицид жасаған. Коронавирус жұқтырғаннан кейін бас дәрігер өз жұмысын жалғастыруды талап еткен. 49 жастағы дәрігерді жұмыстан босатқаннан кейін ол өз эмоциясына ие бола алмаған
– Ол өз жұмысын жалғастырғысы келді. Коронавирус жұқтырғаннан соң жұмыстан босатылды. Бұл – оның өліміне себеп болды. Лорна Бринді өз қызметін зор махаббатпен атқарған, қаһарман ретінде еске алған жөн, – дейді дәрігердің туыстары.
Пікір қалдыру