Алматыда коронавирус инфекциясынан сауығып кеткен екі жасар бала ауруханадан шығарылды

/image/2020/05/01/crop-174_9_532x710_1585731573_news_b.jpeg

Бүгін Алматыда коронавирустық инфекциядан сауыққан 10 пациент ауруханадан шығарылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Бұл Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан бір бала мен екі ересек пациент. Ауруханадан еделіп шығарылған пациенттер 14 күндік үй карантинінде болады, – деп айтты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тлеухан Абилдаев.

Екі пациент 13 наурызда Берлин – Минск – Алматы чартерлік рейсімен ұшып келді. Келу кезінде шектеулер енгізілгендігін, жаңа алгоритм мен Қаулы әрекет етіп жатқандығын естеріңізге саламыз. Экипажды қоса алғанда, 12 адамның барлық борты оқшаулауға, карантинге, инфекциялық стационарға орналастырылды,зертханалық зерттеуге талдау алынды. Жеті адамның диагнозы расталды. Үшінші пациент – бұрын анықталған науқаспен байланыста болған.

Жалпы, бүгін Алматыда коронавирустық инфекциядан сауыққан 10 пациент ауруханадан шығарылды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар