Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ата-аналардың балаларға қолдау көрсетіп, мұғалімдердің онлайн сабағын өткізуіне көмек көрсетуге шақырды. Бұл туралы instagram парақшасында жариялады.
– Бұл карантин күнделікті өміріміздегі барлық салаға, соның ішінде білім беру процесіне де өзгерістер енгізді. Төтенше жағдай режимінің бірінші күнінен-ақ мектептерді қашықтан оқытуға көшіруге даярлай бастадық. Ең алдымен мұғалімдерге арналған тренингтер өтіп, 99% немесе 273 мың оқушыны қамтыған сынақ сабақтары ұйымдастырылды, – деп жазды Сағынтаев.
«Алматы» телеарнасынан көрсетуге болатын 100-ден аса бейнесабақ әзірленді.
Сонымен қатар, "Техникалық жабдыққа келер болсақ, карантин кезінде мектептердегі 10 мыңнан астам компьютер мұғалімдер мен оқушыларға берілді.
– Қосымша үш мың ноутбукты сатып алу мәселесі шешілуде. Үйінде төрт және одан да көп оқушы баласы бар және барлығының бір компьютерден білім алуға шамасы жететін отбасылар бар. Оларды қосымша техникамен қамтамасыз ететін боламыз. Байланыс операторларымен бірлесіп, төрт мың оқушы мен 700 мұғалімге ғаламтор желісінің қолжетімді болуын қарастырудамыз. Ата-аналардың балаларға қолдау көрсетіп, мұғалімдердің онлайн сабағын өткізуіне көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Үйде отырсақ та, өзімізді жан-жақты дамытып, әрі коронавирустың белең алмауына үлес қосып жатырмыз, – деп толықтырды қала әкімі.
Пікір қалдыру