«Асыл арман» тұрғын үй кешені карантинге жабылды

/image/2020/05/01/crop-26_9_436x581_photo_65486.jpeg

«Асыл арман» тұрғын үй кешені карантинге жабылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір онда шамамен 22 мың адам тұрып жатыр. Тұрғын үй кешені аумағында дәрігерлік амбулатория ұйымдастырылып, медицина мамандары тұрғындардың денсаулығын қадағалайтын болады.

Естеріңізде болса, 28 наурызда «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің бір кіреберісінде инфекция жұқтырған адам табылған соң, карантин енгізілген еді. Ал, 1 сәуір күні тағы бір адамнан COVID-19 инфекциясы анықталғандықтан, бүкіл тұрғын үй кешенін, полиция мен әскерилер қоршауға алды.  

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар