ТЖ кезеңінде оқыс оқиғаларды болдырмаудың алдын алу шаралары жөнінде айтылды

/image/2020/05/01/crop-104_10_628x838_ljavzaef3020egwxs4x9_mlskhxz0a0otsb82wcvp.jpg

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қалалық ТЖД басшысының орынбасары Арман Байгелов бұқаралық ақпарат өкілдеріне арнап онлайн баспасөз брифингін өткізді.

Брифинг барысында дәл қазіргі төтенше жағдай кезеңінде оқыс оқиғаларды болдырмаудың алдын алуды баса айтып, ақауы бар электр желілеріне күш түсіретін қосымша тоқ көздерін қосу, өрттің шығуына тікелей себепші екенін жеткізді.

– Сондай-ақ электр және газ құралдарын қараусыз қалдырмауларыңыз қажетт. Үй жағдайында қолдан жасалған электр құралдарын пайдалану да өте қауіпті, – деді спикер.

Шын мәнінде «өрттің тілсіз жау» екенін әрбір тұрғын жете түсінгені дұрыс. Сондай-ақ, Арман Байгелов балконға да баса назар аудару қажет екендігіне тоқталды.

– Қазіргі күнде көпқабатты үйлердің балкондары тез жанатын материалдармен қапталған және онда ағаш сөрелер бар. Мұның өзі оқыс жағдай орын алған кезде өртті ауыздықтауға қиындық туғызатыны белгілі. Ең бастысы, балаларға барынша сақ болып, оларды еш қараусыз қалдырмайық!, – деп қорытындылады сөзін ТЖД басшысының орынбасары.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар