"ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАР ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ"

/image/2020/05/01/crop-74_4_516x688_20180429104644.jpg

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановтың қатысуымен онлайн брифинг өтті. Онда ол тұрғындардан жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматылықтар «Қаланың басқа аймағында тұратын қарт туыстарға көмектесуге бола ма?» деген сұрақты жиі қояды екен. Қала әкімінің бірінші орынбасары мұндай жағдайларда азаматтарға қарт және күтімді керек ететін туыстарын карантин уақытында өз үйіне көшіру ұсынылатынын жеткізді. Қазір егде жастағы адамдар ерекше қорғауды қажет етеді. Өйткені, олардың иммунитеті әлсіз.

– Сондықтан қажет нәрсенің бәрін сатып алып, карантиннің соңына дейін қарт адамдардың жанында болу керек, олардың басқалармен байланысын азайтқан дұрыс. Егер бұл мүмкін болмаса, қалада мұқтаж адамдарға көмек көрсететін еріктілер штабы жұмыс істейді. Еріктілер штабының телефоны – 279-1691, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

– Адамдар үйден қаншалықты алыс кеткенін қалай анықтайды? Себебі, көп адамдар тіркелген мекен-жайда тұрмайды ғой» деген сауалға: «Сіздің тұратын жеріңіз бен қозғалатын жеріңіз арасындағы қашықтық электронды карта және қала тұрғындары кеңінен пайдаланатын қосымшалар арқылы өлшенеді. Тіркеуге келер болсақ, сіз қазіргі таңда нақты тұратын жеріңізге онлайн режимінде уақытша тіркеле аласыз, – деп жауап берді Ерлан Тоқтарханұлы.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар