Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың белең алып кетпеуі үшін, шектеу шараларны күшейту керек деп айтты. Бұл туралы instagram парақшасында жариялады.
– Шектеу шараларын күшейту, әсіресе қалада жүріп-тұруды доғару шаралары бәрімізге қатысты. Басты мақсат — ауа-тамшы жолымен берілетін коронавирустың белең алып кетпеуіне тосқауыл қою. Аса қажеттілік туындамаса, үйден шықпаңыздар. Карантин кезінде оқшауланып, үйіңізде отырсаңыз, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпті індетті жұқтырудан сақтайсыз, – деді Б. Сағынтаев.
Пікір қалдыру