Алматыда коронавирус инфекциясынан жазылған тағы екі науқас ауруханадан шығарылды

/image/2020/05/01/crop-131_7_533x711_q28dg3omn3oyd2l1ipk2_mr6vx7v7xzqa3rcrhvgy.jpg

Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 116 жағдайы тіркелді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Індетті жұқтырушылармен байланыста болған жаңа алты жағдай анықталды.

​Қазіргі уақытта қаланың жұқпалы аурулар стационарларында COVID-19 диагнозы бар 96 пациент бар, оның ішінде бір әйел адам Алматы облысының тұрғыны.

​79 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – өте ауыр, 2 адамда – ауыр, 13 ересек адамның жай-күйі – орташа.

​Бүгін коронавирустық инфекциядан жазылған тағы екі науқас ауруханадан шығарылды. Бұл 1997 және 1998 жылғы қыздар. Олардың бірі 15 наурызда Ыстамбұл – Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған.

​Бүгінде мегаполисте жалпы 21 науқас сауығып жазылды, оның ішінде 2-і – бала. Олардың барлығы 14 күндік үй карантинінде жатыр. Қазіргі уақытта провизор орталықтарында 521 адам бар, оның ішінде 79-ы – бала. ​Екі күндік карантинде – 390 адам (48 бала), үй карантинінде – 4805 адам.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар