Бүгін, 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде бірқатар кәсіпкерлік субъектілері жұмысқа кірісті:
♦ аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);
♦ фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;
♦ шаштараздар (жазылу бойынша);
♦ медицина орталықтары (жазылу бойынша);
♦ стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);
♦ жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
♦ шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;
♦ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.
Сондай-ақ бүгіннен бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етілді.
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастары қайта жанданды.
Пікір қалдыру