Алматыда қала ішіндегі бекеттердің жұмысы тоқтатылды

/image/2020/05/04/crop-113_5_697x929_501ce318-e8fb-4a1c-b348-e3a86bd9d2a9.jpeg

Алматы қалалық Полиция департаменті карантиндік режимнің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруге байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл қою (фильтрация) посттарының жұмысы тоқтатылғанын айтты. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлады.

Патрульдік полиция ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақталуын қатаң бақылайтын болады. 

Алматы қалалық Полиция департаменті жеке қауіпсіздік үшін карантиндік ережелер мен санитарлы-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын еске салады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар