Ким Чен Ын жақында лентасын қиған тыңайтқыш шығаратын зауыт, шын мәнінде ядролық зымырандар бағдарламасына қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы Қамшы тілшісі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Зауыт ядролық қарулар жасауға қажет уран алу үшін қолданылуы мүмкін" деп хабарлайды басылым.
– КХДР-ға тыңайтқыш қажет және тыңайтқыш шығару процесінің ортасында уран алуға болады, – деп жазды Монтерей Мидберидегі Халықаралық зерттеулер институтының қызметкері Маргарет Крой.
Оның зерттеулерінше, зауыт Солтүстік Кореяның ауылшаруашылық өндірісіне көмектеседі және тыңайтқышта қолданылатын фосфор қышқылынан уран алуға да мүмкіндік береді.
Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл – индустриалдық алаң Пхеньянның ядролық амбициясын әлемнен жасырудың ең жақсы тәсілі.
– Бұл тәсіл өз кезегінде Солтүстік Кореядағы ядролық оқтұмсықтардың санын болжауға кері әсер етеді, – деді Маргарет Крой.
Пікір қалдыру