Францияда алғаш коронавирус желтоқсанда пайда болған. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
– 27 желтоқсанда пневмония диагнозы қойылған науқаста іс жүзінде коронавирус болған, – дейді француз дәрігері.
Доктор Ив Коэн француз ақпарат құралдарына сол кезде алынған тампон жақында сыналғанын және Covid-19 үшін оң нәтиже бергенін айтты.
Желтоқсанда коронавирус жұқтырды делінген науқас толықтай сауығып кеткен. Алайда вирусты қайда жұқтырғанын білмейтінін айтқан. Оның айтуынша, ешқандай инфекция аймақтарында болмаған.
Бұл жаңалық вирустың Францияда желтоқсанда пайда болғанын білдіреді.
Осы уақытқа дейінгі ресми мәлімет бойынша, Францияда коронавирустың алғашқы үш жағдайы 24 қаңтарда расталған.
Науқастардың екеуі Қытайдағы Ухань қаласында болған. Ал үшіншісі – олардың жақын туысқаны.
Пікір қалдыру