Түркістан облысы Мақтаарал ауданына төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қосымша күштер мен құралдар жіберілді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz дерегін негізге алып хабарлайды.
"5 мамырда таңертең Түркістан облысының аумағына ТЖ-ның салдарын жою үшін Шымкент қаласы, Жамбыл және Қызылорда облыстары ТЖ департаменттерінің, 28237 әскери бөлімінің құрамында жеке құрамнан 276 адам, 35 бірлік техника, жеті жүзу құралы және 31 мотопомпа бар қосымша күштері мен құралдары жіберілді" делінген департамент таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Мақтааралда зардап шеккендерге көмек қорына аударды.
Пікір қалдыру