Қостанайда соғыс ардагерлеріне бір миллион теңгеден берілді

/image/2020/05/05/crop-121_5_644x858_wsjwivcj.jpg

Жеңістің 75 жылдығына орай Қостанай облысындағы Кеңес-Герман соғысының қатысушылары мен мүгедектері бір миллион теңгеден алды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бірыңғай төлем өңірдегі 82 ардагердің есепшотына аударылды. Сондай-ақ тыл еңбеккерлері, Ленинград блокадасында болғандар және Ауған соғысының ардагерлері де ие болды. Оның көлемі 30 мың теңгеден бастап 100 мыңға дейін жетті. Қаржылай көмектен бөлек,ардагерлерге азық-түлік қоржыны, алғыс хаттар мен мерейтойлық медальдар табыс етіледі. 

– Мерейтойлық медальдар қазірдің өзінде аудан-қалаларға жіберілді. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жергілікті жерлердегі әр әкімдік оны ардагерлерге жеткізіп табыстайды. Әрине, бұл ретте волонтерлер, әкімдік қызметкерлері жұмылдырылады, – деді блыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлия Мекебаева.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар