Африка елдері Қытайдан мемлекеттік қарыздарын кешіруді сұрауда

/image/2020/05/05/crop-2_0_746x760_ca6f5bc0-8dfd-11ea-a674-527cfdef49ee_image_hires_102444.webp

Африка елдері Бейжіңнен мемлекеттік қарыздарын кешіруді сұрады. Бұл туралы Қамшы тілшісі South China Morning Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы жылы Ковид-19 пандемиясы Африка елдерінің экономикасына жойқын әсер етеді деп болжануда. Сол себепті оларды миллиардтаған доллар қарызын өтеуден босату талабы күшеюде.

Бұл үндеулердің көпшілігі Африка елдеріне ең ірі несие беруші Қытайға қатысты. Бірақ Бейжіңнің қалай жауап беретіні белгісіз.

Ангола, Замбия, Судан және Конго Республикасы көмекке жүгінетіндердің қатарында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар