Қытай алдағы 10 жылда басты ғарыштық державаға айналу жоспары аясында ғарышқа өзінің ең ірі зымыран тасығышын сәтті ұшырды. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
– "The Long March-5В" жаңа буын ғарыш кемесі ұшырылды, – деп хабарлады қытайдың CCTV мемлекеттік телерадиокомпаниясы.
Зымырантасығыш сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 6-да Хайнань провинциясының оңтүстігіндегі Вэнчанг ғарыштық ұшыру орталығында ұшырылды.
"Қытайдың ғарыштық инженерия басқармасы бұл зымыранның бірінші тапсырмасы екенін растады" деп хабарлады CCTV.
Пікір қалдыру