Н. Нығматулин қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады

/image/2020/05/08/crop-63_5_521x695_img-20200508-wa0000.jpg

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, «Жеңіс күні-туған елдің бостандығы мен бейбіт өмірі үшін жанын қиғандардың өшпес ерлігінің, шынайы патриотизмінің, асқақ рухының символы. 

Осы ретте, Нұрлан Нығматулин адамзат өміріндегі ең сұрапыл соғыста майдан даласында қаза болғандардың жанкешті ерлігі туралы естеліктер құрметпен сақталатынына тоқталды.
«Мемлекет тарапынан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлық олардың теңдессіз күрескерлігі мен ерен еңбектеріне деген шынайы құрметтің белгісі.
Біз майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің алдында басымызды иеміз!» - деді Мәжіліс Спикері.
Нұрлан Нығматулин бүгінде барлық күш жігер мықты әрі қуатты Қазақстан құруға бағытталғанын алға тарта келіп, біздің әрбір ісіміз жеңімпаз ұрпақтардың ерлігіне сай болу керектігін атап өтті.
«Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, бейбіт өмір тілеймін!, - деді Мәжіліс Төрағасы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар