Ким Чен Ынның зымырандары Американың бүкіл материгіне соққы бере алады

/image/2020/05/07/crop-13_5_425x777_83c36a46b29a4ff4bcb84cf994d705e5_18.jpg

Германияның барлау қызметі Солтүстік Кореяның зымырандары Еуропаға бірнеше минутта жетуі мүмкіндігін жариялады. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық Daily Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Неміс шенеуніктері Ким Чен Ынның зымыран қолдану қаупінің өсіп келе жатқанын мәлімдеген.
 
Германия барлау қызметі директорының орынбасары Оле Диль жеке кездесу барысында Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын соғыс қимылын жасауы ықтимал екенін ескертті. 2017 жылғы зымыран сынағынан кейін Солтүстік Корея режимі құрлықаралық баллистикалық зымырандар жасаған.
 
Неміс барлау қызметінің ақпаратынша, зымыран Американың "бүкіл материгіне" соққы бере алады және Пхеньянда "өте ірі ядролық оқтұмсықтар" бар.

Ал физик Дэвид Райт мүдделі ғалымдар одағына: "Зымыран 8,100 миль қашықтыққа дейін жетуі мүмкін, бұл Вашингтонға соққы жасау үшін жеткілікті және Америка Құрама Штаттарының кез келген нүктеіне ұшып бара алады" деп жазған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар