Қазақстанда тағы 112 адамнан COVID-19 анықталды

/image/2020/05/08/crop-17_12_646x968_picture2_koronavirus-poluc_364604_p0.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі елде тағы 112 адамның коронавирус жұқтырғанын, 1 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Коронавирустың Қазақстанда анықталған жалпы дерегі 4690 жетті. Оның ішінде 1518 адам аурудан айығып шықса, 31 адам қайтыс болған.

Вирус жұқтырғанның салдарынан көз жұмған соңғы науқас 1963 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар қаласының 57 жастағы тұрғынынан COVID-19 сәуір айының 23-і күні табылған.

Ол бронхитпен ауырып, 2-типті қант диабетімен есепте тұрған. 26 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты ер адам жұқпалы госпиталдің реанимациялық бөліміне ауыстырылды. 29 сәуірде ер адамда тыныс алу жетіспеушілігі үдей түсіп, арнайы аппаратқа қосылды.

2 мамырда науқастың жағдайы күрт нашарлап, 6 мамыр күні қайтыс болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар