Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
– Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді, – деп жазды Берік Уәли.
Пікір қалдыру