113 жастағы әйел коронавирустан жазылып шықты

/image/2020/05/13/crop-16_10_387x698_p089kyvn.jpg

Испан шенеуніктерінің мәліметінше, 113 жастағы қарт коронавирустан сауығып шықты. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

113 жастағы Мария Браньястың наурыз айында ковид-19 жұқтырғаны анықталған.

Бірақ бірнеше апта оқшауланғаннан кейін, Браняс ханым жеңіл симптомдардан қалпына келді.

Ол 1918-1919 жылдардағы испан тұмауы, 1936-39 испан азаматтық соғысы және коронавирусты бастан өткерген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар