Франция туризм үшін 18 миллиард еуро бөлді

/image/2020/05/15/crop-5_0_175x268_download-3.jpeg

Франция коронавирустан кейін әлемдегі ең көп саяхатшы келетін ел мәртебесін сақтау үшін 18 миллиард еуролық «Туризмге арналған Маршалл жоспарын» жариялады. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Daily Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Италия үйде отырғандар үшін қаржылық ынталандыруға және елдің туристік индустриясына 4 миллиард еуро көлемінде қолдау жоспарын ұсынғаннан кейін көп өтпей Франция билігі де осындай шешімін мәлімдеген. 

Франция өткен жылы 90 миллионға жуық шетелдік туристерді қабылдаған, бірақ биыл басталған індеттің алдын алу үшін елдегі мейманханалардың 95 пайызы наурыз айының ортасынан бастап жабылуға мәжбүр болған.

Франция премьер-министрінің мәлімдемесі бойынша туризмды құтқару жөніндегі шаралар қаржысы «жаппай және бұрын-соңды болмаған» 18 миллиард еуроны құрайды, оған мемлекеттік банктер үшін бизнеске тікелей қолма-қол ақша салуға арналған 1,3 миллиард еуро инвестициялық жоспары кірді.

Жоспар бойынша Туризм, қонақ үй және мейрамхана секторы үшін 20-ға дейін қызметкері бар және жылдық кірісі 2 миллион еуроны құрайтын кəсіпорындар жыл соңына дейін ынтымақтасу қорының көмегімен 10 000 еуроға дейінгі гранттар ала алады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар