Өткен тәулікте Қазақстанда 118 адамнан коронавирус індеті анықталып, өсім 2,1% құрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Аймақтар бойынша: Ақмола облысы – 4 (3,6%) Ақтөбе облысы – 29 (15,8%), Алматы облысы – 1 (0,5%), Атырау облысы – 17 (3,7%), Шығыс Қазақстан облысы – 1 (1,8%), Жамбыл облысы – 2 (1,0%), Батыс Қазақстан облысы – 7 (2,6%), Қарағанды облысы – 8 (3,9%), Қостанай облысы – 4 (5,9%), Қызылорда облысы – 1 (0,4%) Маңғыстау облысы – 3 (2,2%), Алматы қаласы – 11 (0,7%), Нұр Сұлтан қаласы – 25 (2,2%), Шымкент қаласы – 5 (2,0%).
Сондай-ақ, 123 адам емделіп шықты.
Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам көз жұмды (13 мамыр, 2020): Олар: 1958 жылы туған әйел адам; 1977 жылы туған ер адам.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 5689, емделіп шыққандар – 2531, кайтыс болғандар – 34.
Пікір қалдыру