Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің шығармашылығына арналған көрме ашылды.
Көрмеде жазушының музей-қорықтың қор топтамасынан алынған кітаптары, киімдері және мемориалдық бұйымдары қойылып отыр.
- Мұнда еліміз тәуелсіздік алған жылдары Қасым Қайсеновтің «Халық қаһарманы» атағын Елбасымыздың қолынан алған кездегі фотосуреті сақталған. Бұдан бөлек көрмеде батырдың жұмыс үстелі, жазу құралдары қойылған. Сондай-ақ Қасым Қайсеновке жерлестері тарту еткен граниттен жасалған қалам қойғыш та осында сақтаулы тұр, - деді облыстық этнографиялық музей директорының орынбасары Гүлжан Кашаку.
Пікір қалдыру