Карантин: Қазақстанда азық-түлік базарлары қалай жұмыс істейді?

/image/2020/05/15/crop-439_56_2517x3356_cnqhd214cznmizpax52sy2p4emg1c9qx.jpg

Қазақстанда карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне байланысты азық-түлік сататын сауда орындары жұмысын бастайды. Бұл туралы coronavirus2020_kz  телеграм каналы хабарлады.

Сауда орындарының жұмыс тәртібі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін болып бекітілді.

Базарға кіре берісте, сауда орнының холында, дәлізде әр 50-100 метр сайын, лифтке, санитарлық торапқа кіре берісте санитайзерлер орнатылуы керек.

Азаматтар тауар ақысын қолма-қол төлей алмайды (тек банк картасы немесе телефондағы бағдарлама арқылы).

Кезекте 5 адамнан артық тұруға болмайды және олардың ара қашықтығы бір метр болуы керек.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар