Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған науқас дәрігер болып істеген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса хабарлады.
– 1958 жылы туған дәрігер әйел коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Ол жеке медициналық ұйымда жұмыс істеген. Зейнетке шықса да өз жұмысын жалғастыра берген, – деді Айжан Иса.
Сондай-ақ бүгін 1977 жылы туған ер адам коронавирустан қайтыс болған. Қазақстанда коронавирустан жалпы 34 адам қайтыс болды.
Пікір қалдыру