18 мамырдан елордадағы оңалту орталықтарының жұмысын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова хабарлады.
– 1 маусымнан барлық мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын штаттық режимде қайта бастау жоспарлануда. Сондай-ақ арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық әрі педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары 18 мамырдан жұмысын бастауға дайын. Ерекше білімді қажет ететін әр баламен жеке жұмыстар жүргізіледі, – деді Ш. Қадырова онлайн баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол туындаған сұрақтар бойынша ата-аналар білім басқармасының колл-орталығына хабарласа алатынын атап өтті.
Пікір қалдыру