NASA ғалымдары уақыты артқа қарай жүретін параллель әлемнен келуі мүмкін деректерді анықтады

/image/2020/05/19/crop-17_13_528x971_175626209800.jpg

Антарктидада тәжірибе жасап жатқан NASA ғалымдарының тобы (ANITA) физика ережелері қарама-қайшы параллель ғаламнан келуі мүмкін бөлшектерді анықтады Бұл туралы Қамшы тілшісі Daily Star басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

– Параллель ғалам туралы түсінік 1960-шы жылдардың басынан бастап, негізінен ғылыми-телехикаялар мен комикстердің жанкүйерлерінің ойында болды, бірақ қазір ғарыштық сәулелерді анықтау эксперименті параллель әлемнен туындайтын бөлшектерді тапты,–деп хабарлайды Daily Star.

Daily Star газетінің мәліметінше, Гавайи университетінің эксперименттік бөлшектер физигі Питер Горхам бас зерттеуші болған ANITA тобы барлаған бөлшектердің уақыты артқа қарай жүретіні тұжырымдалуда.

Бұл феноменнің қарапайым түсіндірмесі: 13,8 миллиард жыл бұрын Үлкен жарылыс кезінде екі әлем пайда болды. Біреуі біздің әлем және біреуі біздің уақытқа кері бағытта жүретін әлем.

Айта кетейік, Daily Star-дың бұл жаңалығынан көп өтпей, британиялық Daily Mail басылымы "параллель ғаламнан келуі мүмкін бөлшектер" туралы деректердің өзге де әлемдік жетекші ғалымдарға зерттеу үшін берілгенін хабарлады

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар