Алматыда Халықаралық Отбасы күніне орай құндылықтарды нығайту үшін тегін семинар-тренингтер мен тестілеу өтеді

/image/2020/05/21/crop-25_17_450x673_110020990800.jpg

Алматы қаласының әкімдігі «Зор Рух» қайырымдылық қорымен бірлесіп, Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу аясында қазақстандықтар үшін онлайн режимде бірқатар іс-шараларды іске қосты.

Аталған іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ тұлғалық рухани жағынан дамуға көмек көрсету.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында қоғамдық сананы жаңғыртуға, мәдени кодты нығайтуға және рухани дамуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өткен жөн.

Отбасылық өмірге дайындық деңгейін анықтау үшін онлайн-тестілеу өтеді (forms.gle/kdWhvvSjKCnQx67q9), ол жастардың некеге деген көзқарасын бағалауда жәрдем беріп, саналы көзқараспен отбасын құруға мүмкіндік береді. Тестілеу қорытындысы бойынша балл түріндегі нәтижелер, сондай-ақ тұлғалық дамуы үшін пайдалы әдебиетке қол жеткізу, отбасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту қолжетімді болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 15 мамырында сағат 15.00-де жастарға, отбасылық жұптарға өз-өздерін түсінуге және бір-бірін жақсы түсінуге көмектесетін отбасылық қарым-қатынас тақырыбына тегін онлайн семинар-тренинг өткізіледі. ҚР Кәсіби психологиялық лигасы мен Ұлттық тренерлер пулының мүшесі Даниил Файзуллаев өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир өткізеді (instagram.com/danil_faizullaev), сұрақ қою және жауап алу мүмкіндігі болады. Іс-шара жастардың неке-отбасы қатынастарын құру мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар