Қытай АҚШ-пен қайшылықты күшейтетін ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңдарын жариялады. Бұл туралы Қамшы тілшісі The New York Times Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.
– Қытайлықтар Гонконгта болған былтырғы демократиялық наразылықтардан кейін ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңнаманы енгізуді жоспарлап отыр, – деді бейсенбіде Қытай өкілі.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұл жаңалыққа Вашингтонның қаланы бақылау жолында "өте қатаң" әрекет ететінін айтып, ескерту беру арқылы жауап қайтарды. Сонымен қатар АҚШ Мемлекеттік департаменті жоғары деңгейдегі автономия мен адам құқығын мойындау қажеттігін, оның АҚШ заңдарымен қорғалатынын мәлімдеді.
АҚШ заңдары бойынша Гонконгтың қорғалуы қалаға әлемдік қаржы орталығы ретіндегі орнын табуға көмектескен.
Қараша айында президенттік сайлауға қайта түсетінін мәлімдеген Трамп тілшілерге Қытайдың ниеті туралы егжей-тегжейлі "әлі ешкім білмейді" деді.
– Егер бір жағдай болса, біз бұл мәселені қатаң түрде шешеміз. Жаңа жағдайлар мен қажеттілікке орай, Ұлттық Халықтар Конгресі (NPC) өзінің конституциялық билігін Гонконгта ұлттық қауіпсіздікті сақтау жолындағы жаңа құқықтық құрылым мен құқық қорғау жүйесін құру үшін қолданады, – деді Трамп.
Өткен жылы АҚШ президенті мақұлдаған "Гонконгтағы адам құқықтары және демократия туралы" заң жыл сайын Гонконгта сауда шарттарынның жеткілікті дербестікке ие болуын қадағалайды.
Пікір қалдыру