Қасиетті рамазан – мейірім мен берекет айы. Осы айда жасаған әрбір ізгі амалға еселеніп әжір-сауап жазылады. Рамазан айының аяқ басуымен қайырымдылық іс-шаралары Алматы қаласы мешіттерінде де өз жалғасын табуда, деп жазады muftyat.kz.
Мегаполисте қайырымдылық шаралары үзіліссіз жалғасып жатыр. Игі бастаманың қанат қағуына шаһардың аудандарындағы мешіттер де айрықша үлес қосуда.
Мәселен, Бостандық аудандық «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаевтың ұйытқы болуымен әлемді жайлаған пандемияға байланысты елдегі төтенше жағдай жариялануына орай қасиетті Рамазан айында ауызашар орнына 350 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Игілікті шара «Байкен» мешітінде ұйымдастырылып, Рамазан сыйлығы ретінде көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға таратылды.
Пікір қалдыру