"Мемлекет басшысы Ким Чен Ынның төрағалығымен өткен әскери кездесу барысында ядролық қару туралы жаңа саясат талқыланды" деп хабарлады Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат құралдары жексенбіде. Бұл туралы Қамшы тілшісі AFP-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ким Чен Ын үш аптадан астам уақыт ішінде бірінші рет көпшілік алдында сөйлеген. KCNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Солтүстік Корея орталық әскери комиссияның отырысында «бұл – елдің ядролық соғысқа төтеп беруін одан әрі арттыруға арналған жаңа саясат» деп хабарланған.
Әскери кездесуде Корей Халық Армиясының артиллериялық бөлімдерінің оқ ату қабілетін едәуір арттыру үшін маңызды шаралар қабылданғаны жарияланған. Сондай-ақ, «елдің қарулы күштерін құру және дамыту» бағытына сәйкес «стратегиялық қарулы күштерді жоғары дайындық деңгейіне қою» мәселесі талқыланғанын жазды AFP.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Трамп әкімшілігі ондаған жылдардан бергі алғашқы ядролық сынақты өткізу мәселесін талқылаған болатын.
Пікір қалдыру