Қытайда "жарғанат әйел" деген атпен танымал Ухан вирусология институты директорының орынбасары Ши Чэнли өлімге соқтыратын коронавирус "айсбергтің бір ұшы" ғана екенін ескертті, деп хабарлайды Қамшы тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап.
– Біз жұқпалы аурудың басқа жаңа түрлерінің таралуын болдырмас үшін табиғаттағы жабайы жануарлар арқылы жұғатын белгісіз вирустар туралы алдын ала білуіміз керек және ертерек ескертулер жасауымыз керек, – деді қытайлық ғалым дүйсенбіде CGTN-ге берген сұхбатында.
– Егер біз [вирустарды] зерттемесек, бұдан да ірі тағы бір індет болуы мүмкін, – деп ескертті Ши.
Коронавирустарды зерттеумен ұзақ жылдар бойы айналысып жүрген ол 2015 жылы аталған вирустардың бір түрден екінші түрге жұғатынын растаған.
Пікір қалдыру