Ақмола облысында кәсіпкер жоғалып кетті

/image/2020/05/28/crop-10_10_436x774_photo_67702.png

Ақмола облысында кәсіпкер із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"25 мамырда әйел адам полицияға 37 жастағы күйеуі Руслан Имандиновтің жоғалғаны туралы хабарлаған. Ол сол күні үйден Toyota Estima Lucida көлігімен жұмыстарымен кеткен. Жоғалған ер адамның жеке кәсіпкер екені белгілі болды", делінген полиция таратқан хабарламада. 

Басты белгілері – бойы 170-180 сантиметр, таз, дене бітімі тығыншықтай. Сұр түсті қысқа шалбар, қара түсті футболка мен қара түсті кросс киген.

Полицейлер қандай да бір мәлімет білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар