Соңғы кездері коронавирус инфекциясының бар екеніне шүбә келтіретіндердің саны артты.
Жамбыл облысында инфекция жұқтырып, ауруханаға түскен науқас азаматтарға өз-өзін сақтап жүруге кеңес береді.
Апта ішінде Жамбыл облысынан 100-ден астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 28 мамыр күнгі көрсеткіш бойынша, аймақта барлығы 362 адам инфекция жұқтырған.
180 науқас жазылып шықса, 181 науқас қазір ем алып жатыр. Ем алып жатқандардың бірі – Тұрғынбаева Сейсекүл.
Дегенмен, карантин шаралары жеңілдегелі бері аймақтардағы тұрғындар сақтық шараларын ұмыта бастағандай. Қазір көшеде маска кигендер саны сиреген. Санитарлық дәрігерлер бұлай болмайтынын, осылай жалғаса берсе, карантин тоқтамайтынын айтуда.
Пікір қалдыру