Алматы уақыты бойынша бүгін түнгі сағат 1:22-де АҚШ Флорида Штатының Кеннеди ғарыш орталығында Илон Масктың "SpaceX Crew Dragon" ғарыш кемесі арқылы NASA ғарышкерлері Боб Беннкен мен Даг Херли Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) сәтті ұшырылды.
Ұшырылым NASA-ның YouTube арнасы арқылы көрсетілді. Ғарышкерлер Халықтаралық ғарыш станциясына 19 сағатта жетеді деп болжануда.
Сәрсенбі күні америкалық ғарышкерлердің ұшырылымы ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылған болатын.
Айта кетейік, бұл NASA ғарышкерлерінің АҚШ топырағында 2011 жылдан бері алғашқы ғарышқа ұшуы. 2011 жылдан бері олар ғарышқа Байқоңырдан ұшып келген. Ұшырылым "америкалық ғарыштық бағдарламаның жаңа дәуірі басталған күн" деп сипатталуда.
Пікір қалдыру