Жексенбідегі ауыс-түйіс. ЭКСПО-2017» компаниясынан Астананың әкімі кетіп, Алматы әкімі келді

/uploads/thumbnail/20170708192248245_small.jpg

Астананың қазіргі әкімі Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Азаттыққа» сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Ақорда» сайтының ақпаратында көрсетілгендей, Әділбек Рыскелдіұлы  Жақсыбеков Астана қаласы әкімі мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін қатар атқарып келген болатын.

Осыған дейін Қазақстан президенті бұл қызметке Алматы қаласын 7 жылдан артық уақыт  басқарып келген  Ахметжан Смағұлұлы Есімовті тағайындаған.

Ал Алматы қаласы әкімі болып «Нұр Отан» саяси партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, 41 жастағы Бауыржан Байбек тағайындалды.

Бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы болып істеген Талғат Ермегияев «аса ірі көлемде қаржы жымқырды» деген күдікпен маусым айында үйқамаққа алынған еді.

 

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар