Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 325 аз қамтылған отбасы азық-түлік жиынтығын алды

/image/2020/06/04/crop-125_44_254x436_image001.jpg

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 325 аз қамтылған отбасы "Халық" қайырымдылық қорынан азық-түлік жиынтығын алды.

Жиынтық ұн, макарон өнімдері, сұйық май, бұқтырылған ет, күріш, шай және тәттілерден тұрады. Әрбір отбасы үшін 50 кг-нан үлестірілді.

Көмек Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ұсынған тізімдері бойынша бөлінді.

Қордың бастамасын аудандық еріктілер қозғалысы қолдады. "Волонтерлер жылы" аясында олар азық-түлік жиынтығын әрбір мекен-жай бойынша жеткізіп беруге көмектесті.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар