"Halyk" қайырымдылық қоры Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Алакөл ауданының 100 отбасына (әрбір мүшесіне бөлек-бөлек) ең қажетті азық-түлік тауарлары толтырылған қораптарды таратты.
Әр отбасыға 3 қораптан санағанда, барлығы 300 азық-түлік қораптары мен 500 литр күнбағыс майы көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларға жеткізілді.
Солардың бірі Үшарал қаласының тұрғыны А.Аталыкова бүгінде 4 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Аталған қор тарапынан көрсетілген көмекке алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Жалпы қордың игі бастамасымен осы уақытқа дейін Алматы облысының 2000 тұрғынына көмек көрсетілді. Мұндай ауқымды көмекті ұйымдастыруда Бейбіт Әлібеков, Әнуар Жұмағұлов және Айдар Жакупов сынды жомарт жандар үлкен қолдау көрсетті.
Пікір қалдыру