Алматы қаласының экс-санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова жаңа қызметке тағайындалды.
Бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері лауазымын атқарған шенеунік даулы мәселелерден соң қызметінен босатылған. Қазіргі таңда бұл қызметті Жандарбек Бекшин атқаруда.
Енді Айзат Молдағасымова Алматыдағы Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын басқарады.
Еске салсақ, Молдағасымованың дәрігерлер қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан коронавирус жұқтырған деген пікірінен кейін, алматылық дәрігерлер оны сотқа бермек болған.
Пікір қалдыру