Шығыс Қазақстандағы демалыс орындарының иелері 11 мамырдан бастап туристерді қабылдау үшін дайындық жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында туризм және сыртқы байланыс басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Инара Бодукова мәлім етті.
Санаториялық-курорттық және емдеу-сауықтыру орталықтарында туристерді қабылдауға 3 маусымнан бастап рұқсат берілді. Ал 6 маусымнан бастап және Үржар ауданында 13 маусымнан бастап рекреациялық басқа да туризм түрлері бойынша демалуға келушілерді қабылдауға болады. Осы мақсатта кәсіпкерлерге республика және облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулы ережелері жеткізілді. Нысандардың жұмыс алгоритмдері, демалушыларға қойылатын талаптар түсіндірілді. Брифингке қатысқан Инара Бодукова осылай деді.
- Тамақтану орындарында келушілердің толтырылуы және бір мезгілде болуы жалпы жобалық сыйымдылықтың 50 пайызынан аспауы тиіс. Туристердің ортасында 2 метр қашықтық сақталуы керек, - деді Ирина Бодукова.
Брифинг барысында облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері Марат Исмаилов туристерге мерзімі өтпеген (нәтижелерді алған күннен бастап 7 күннен кешіктірілмей берілген) COVID-19 зерттеулерінен өту нәтижелері туралы анықтамасы (жедел тестілеу, ПТР зерттеу) болған жағдайда ғана демалуға рұқсат берілетінін атап өтті. Бір отбасы үшін оның бір мүшесінің зерттеу нәтижесі жеткілікті.
- Рекреациялық аймақтарда демалушы адамдар тұратын орындарда, жалпы пайдалану және адамдар көп жиналатын жерлерде маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты (бір отбасы мүшелерін қоспағанда, кемінде екі метр) қатаң сақтауы керек. Теміржол және әуе көліктері объектілерінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына сәйкес жүргізіледі, - деді Марат Исмаилов.
Пікір қалдыру