Алматы қаласында крематорий салу жоспарланып жатыр

/image/2020/06/08/crop-8_9_692x968_5hyni_croper_ru.jpeg

Алматының Алатау ауданында крематорий салынады деп жоспарланып жатыр. Бұл туралы informburo.kz  сайты хабарлады.

Алматы әкімдігі крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжатын даярлауға тендер жариялаған.

Техникалық сипаттамасына сай, крематорий бір залдан және екі пештен тұрады. Жоба құжатын әзірлеуге 46,8 млн теңге бөлінген.

Крематорий Алатау ауданындағы жаңа мәйітхананың ғимаратына жақын жерден салынады, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуға тиіс.

Қазақстандағы крематорий құрылысы туралы мәселе 1987 жылдан бері көтеріліп келеді.

Қазір қазақстандықтарға Мәскеу, Челябинск, Барнаул және Новосибирск қаласында кеременация жасатуға рұқсат бар. Мұндай қызметтің құны көлік түріне қарай 30 мың теңгеден бастап 100 мың теңгеге дейін.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар