Deutsche Bank-тың бас экономисі Қытай экономикасының айтарлықтай қалпына келіп жатқанын, АҚШ экономикасының әлсірегенін айтты. Американың әлсіреуі әлем экономикасына үлкен қауіп төндіретінін мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі CNBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
CNBC-дың жазуынша, пандемия себебінен жұмыс орындарының жабылуы және үйде болу сияқты шектеулер бүкіл әлемдегі экономикалық белсенділікті айтарлықтай төмендеткен. Басылымның ақпаратына сенсек, Қытай әлі де дамып келе жатқан экономикалардың бірі ретінде қаралуда. Deutsche Bank бас экономисі және Азия-Тынық мұхиты зерттеу бөлімінің бастығы Майкл Спенсер Қытай экономикасы 5-6 пайыздық өсіммен өте көрнекті түрде қалпына келіп жатқанын айтты.
– Қытай экономикасының ішкі сұранысы жақсы қалпына келді, – дейді экономист CNBC-ге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, АҚШ экономикасының құлдырауы Қытайға, тіпті әлем экономикасына қауіп төндіруі мүмкін.
Америкалық сараптамалық орталық Като институтының аға ғылыми қызметкері Стив Хэнктың пікірінше, АҚШ экономикасы орасан залалды қалпына келтіру үшін көптеген жылдар қажет болуы мүмкін. Оның ойынша, АҚШ ЖІӨ пандемиядан бұрынғы деңгейге 2022 жылы немесе одан кейін ғана жетуі мүмкін
– Оны дұрыстау бірден мүмкін болмайды. Менің ойымша, біз дағдарысқа дейінгі ЖІӨ деңгейіне 2022 жылы жетеміз деп ойламаймын, мүмкін одан кейін, – деген ол дүйсенбіде CNBC-ге берген сұхбатында.
– Сонымен, бізде жол қиын, – деп қосты ол.
Пікір қалдыру