Алакөл пандемия кезінде туристерді қалай қарсы алады?

/image/2020/06/09/crop-4_14_539x808_whatsapp-image-2020-06-09-at-07.54.27.jpeg

Алакөлдің шығыс жағалауы туристерді 13 маусымнан бастап қабылдай бастайды. Биылғы маусымда коронавирус инфекциясына байланысты демалушылардың қауіпсіздігі, денсаулығына аса басымдылық берілмек. Себебі мұндағы қыдыру-демалу және жағалау аймақтары тығыз орналасқандықтан, инфекция жұқтырып алу мүмкіндігі де жоғары.

Осыған орай арнайы мониторингтік топ күн сайын бақылауды, тексеруді қолға алған.

– Барлық демалыс базалары санитарлық-эпидемилогиялық норманы толығымен сақтауға тиіс. Осы жылдың ерекшелігі демалыс базаларының иелері тек қана арнайы дайындық туралы актісі бар болған кезде ғана жұмыстарын бастай алады. Одан бөлек демалушылардың COVID-19 талдауынан тексерістен өтті деген анықтама керек. Бұл туралы барлық демалыс базаларына, туристік компанияларға айтылды, ескертілді және олар демалушыларға жолдамаларды сатып аларда осы талаптарды айтып, түсіндіруі шарт, – дейді ШҚО-ның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Марат Исмаилов.

Арнайы мониторингтік топ бүгінде 175 демалыс базасын тексеріп үлгерген. Алайда оның 59-ы ғана әзірге барлық талап-норманы сақтап, демалушыларды қабылдауға дайын отыр.

– Маусымның ашылуына толығымен дайынбыз. Базаға келетін әр демалушының дене қызуы өлшейміз, қолдарын антисептикпен залалсыздандырады. Тек содан кейін ғана біздің аумаққа өте алады, – дейді «Алатау» демалыс базасының иесі Гүлнар Абылғазинова.

а

а

Сонымен Алакөл көлінде ортақ серуендеу және жағажай аймақтарының болуына байланысты жаппай жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін:

«Арбат» жағажай және серуендеу аймақтарында демалушылардың бір отбасы мүшелерін қоспағанда, барлық жағынан кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауына бақылауды қамтамасыз етіледі.

а

Жағалаудағы орталық трассаның бойында орналасқан Туристтік ақпараттық орталықта «Демалушының сауалнамасы» жүргізіледі.

Мерзімі өтпеген COVID-19 зерттеулерінен өту нәтижелері туралы анықтама болған жағдайда ғана орналастыруды қамтамасыз ете алады. Бір отбасы үшін оның бір мүшесінің зерттеу нәтижесінің болуы жеткілікті.

Демалыс базалары мен тамақтану орындарында жартысын ғана бір мезгілде болуы жалпы орынның 50 пайызынан аспауға тиіс, сондай-ақ ашық алаңдарда жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Бұл ретте, үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталуға тиіс.

а

Тұратын орындарда, жалпы пайдалану және адамдар көп жиналатын жерлерде маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты (бір отбасы мүшелерін қоспағанда, кемінде екі метр) қатаң сақтауы керек.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар