АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) мамандары қолды дезинфекциялық құралмен жиі жуудың денсаулыққа зиян екені мәлім етті.
Соңғы кездері халықтың клиникалар мен токсикологиялық орталықтарға келуі жиілеп кеткен. Адамдар сірке суы, аммиак ерітіндісі сияқты улы дезинфекциялық құралдарды қолданғаннан кейін денсаулығының нашарлағанын айтып шағымданған.
Шетелдік мамандарының 502 адамға жүргізген сауалнамасының қорытындысы бойынша қолды бірнеше рет дезинфекциялық құралмен жуған 11 пайыз адамның жұтқыншағы ісіп, 8 пайызының терісі қабынып, басы айналған, не басы ауырған. Қалған науқастардың жүрегі айнып, тыныс алуы қиындаған.
CDC мамандары қол жуу вирустық аурулар үшін ең жақсы профилактика деп тұжырымдайды. Дегенмен дезинфекциялық құралдар вирустардан қорғанымен, оны қолданудың алдында нұсқаулықты оқып, дененің ашық жерлеріне абай болу керек дейді зерттеу авторлары.
Пікір қалдыру