Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бұл туралы өзінің instagram парақшасында хабарлады.
"Ерекше қажеттілігі бар балалардың күтімімен айналысып отырған аналармен кездестім. Кездесу барысында тұрғын үй, медициналық көмек және қосымша білім алу, жұмысқа орналасу, балаларды оңалту үшін жағдай жасау мәселелері көтерілді.
Осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Оңалту орталықтарының желісін кеңейтеміз, ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеждің құрылысы басталды. Сонымен бірге жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар ашылады (балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар). Инватакси саны екі есе артты.
Медициналық көмек алуға, жұмысқа орналасуға және қосымша білім алуға көмектесеміз.
Кездесуде айтылған мәселелер жұмысқа алынды" делінген елорда әкімінің жазбасында.
Пікір қалдыру